Алматыда студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты өтеді

14.08.2018

Алматыда студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты өтеді. Дүниежүзілік доп додасы, жалпы, ТМД елдерінің аймағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Ойындар тамыздың 19-да басталып, 26-да аяқталады. Әлемнің үздік 16 командасы «Алматы-Арена» және «Халық-Арена» спорт кешендерінде өнер көрсетеді. Ал, Чехия, Беларусь және Жаңа Зеландия сияқты мықтылармен бір топқа түскен ел құрамасы осы жарыста жүлде алуды жоспарлап отыр. Өйткені, команда сапында Біржан Оразов, Антон Рындин, Арнольд Крауб сынды ұлттық құрамада ойнап жүрген сақа футзалшылар бар. 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу