Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

21.12.2023

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады. Соңғы матч Бухарестте өтті. Жерлестеріміз румыниялық қарсыластарын 0:2 есебімен жеңді. Ойынның 8-ші минутында Шыңғыс Есенаманов есеп ашып, 26-шы минутта Біржан Оразов оны еселей түсті. Осылайша ел құрамасы өз тобында барлық қарсыласын ұтқан жалғыз команда. Енді әлем чемпионаты алдағы жылы қыркүйек, қазан айларында Ташкентте өтеді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу