«Қазақстан Барысы-2015». Шығыс Қазақстан облысынан Айбек Нұғымаров пен Талғат Әмренов қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы-2015». Шығыс Қазақстан облысынан Айбек Нұғымаров пен Талғат Әмренов қатысады

02.07.2015
«Қазақстан Барысы-2015». Шығыс Қазақстан облысынан Айбек Нұғымаров пен Талғат Әмренов қатысады

Осы беделді жарысқа Шығыс Қазақстан облысынан Айбек Нұғымаров пен Талғат Әмренов қатысады.

1. Айбек Нұғымаров

Бүркеншік аты: Шығыс барысы

Туған жылы: 3 маусым 1987 ж.

Бойы: 189 см.

Салмағы:  135 келі

Спорттағы жетістігі: Қазақ күресінен Еңбек сіңірген спорт шебері,

«Әлем Барысы» халықаралық турнирінің күміс белбеу иегері (2014), Қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы (2011, 2014), «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жеңімпазы (2013), Қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы (2011, 2013).

Бапкері: Серік Қоржыкенов

 

2. Талғат Әмренов

Бүркеншік аты: Шотқара

Туған жылы: 11 ақпан 1988 ж.

Бойы: 175 см.

Салмағы:  110 келі

Спорттағы жетістігі: Қазақ күресінен спорт шебері,

Қазақ күресінен ҚР спартакиадасының қола жүлдегері (2014ж.), Қазақ күресінен Досхан Ырғызбайды еске алуға арналған ересектер арасында Халықаралық турнирінің қола жүлдегері (2015ж.)

Бапкері: Бақытбек Руанов

Хабарламаларға жазылу