«Әлем Барысы». Асыл Бәрменов – Қазақстан атынан қатысатын төрт палуанның бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем Барысы». Асыл Бәрменов – Қазақстан атынан қатысатын төрт палуанның бірі

20.10.2014
«Әлем Барысы». Асыл Бәрменов – Қазақстан атынан қатысатын төрт палуанның бірі

«Әлем Барысында» ел намысын қорғауға үміткер алты палуанның төртеуі бұрын-соңды «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпаздары.

Ал, екеуі сол турнирдің жүлдегерлері. Соның бірі – Асыл Бәрменов.

Қазақ күресінен Азия чемпионы(2011 ж.), Әлем кубогының иегері (2012 ж.), 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері.

Бапкері: Сұлтан Тынысбаев.

Туған жылы – 1988.

Жасы – 26.

Салмағы: 98 келі.

Бойы: 177 см.

Асыл Бәрменов әлі де бабында тұрған спортшылардың бірі. Бірақ, үздік төрттікке кіріп, «Әлем Барысында» ел намысын қорғау үшін дайындығын одан сайын үдете түсуі керек.

Хабарламаларға жазылу