«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Айбол Айтбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Айбол Айтбек

19.06.2017
«Қазақстан барысы-2017» турниріне қатысушы Айбол Айтбек

Аймағы: Жамбыл облысы 
Лақап аты: Әулиеата барысы 
Туған күні: 01.10.1992 
Бойы: 177 см 
Салмағы: 90 кг 
Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері 
Спорттық жетістіктері: ҚР чемпионы (2016), Әлем чемпионы (2016), «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2016), «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің қола жүлдегері (2016) 
«Қазақстан Барысы» турниріне қатысуы: 2015, 2016 ж. 
Бапкері: Мұрат Әшімов

Биыл финалдық кездесулер 2 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде өткен болатын. Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады. Еске салайық, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.

 

Хабарламаларға жазылу