Худяков Азия Жағажай ойындарында алтын медальға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Худяков Азия Жағажай ойындарында алтын медальға ие болды

25.09.2016
Худяков Азия Жағажай ойындарында алтын медальға ие болды

Қазақстандық ашық суда жүзуші Виталий Худяков V­ Азия Жағажай ойындарының үшінші күні 10 шақырымдық қашықтыққа жүзуде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады prosportkz.kz.

Ол өзінің қарсыластары қытайлық Венхао Ванга (2:04:55.9) мен сириялық Мохаммад Салехті (2:06:20.4) артта қалдырып, қашықтықты 2:02:07­.2 уақытымен жүзіп өтті. Ал, тағы бір суға жүзушіміз Кенесары Кененбаев (2:24:56.0) мәреге оныншы болып келді.

Әйелдер арасындағы 5 шақырымдық қашықтықтағы жүзуде Ксения Романчук  (1:06:18.7) бесінші болды. 

Айта кетейік, Виталий Қазақстан қоржынына Данангта өтіп жатқан V­ Азия Жағажай ойындарының алғашқы алтын медалін салды.

 

Хабарламаларға жазылу