Қазақстан қоржынында Азия Жағажай ойындарының 2 алтын және 1 қола медалі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қоржынында Азия Жағажай ойындарының 2 алтын және 1 қола медалі бар

25.09.2016
Қазақстан қоржынында Азия Жағажай ойындарының 2 алтын және 1 қола медалі бар

Қазақстандық Виталий Худяков бүгін V­ Азия Жағажай ойындарындағы екінші алтынын алды. Ал, Ксения Романчук қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды prosportkz.kz.

5 шақырымға ашық суда жүзуде Худяков сириялық Мұхаммед Салех пен жергілікті Тран Тан Триеуді артқа тастады.

Естеріңізге сала кетейік, Виталий жұма күні Данангедегі Азия Жағажай ойындарында елімізге алғашқы алтын медальды алып берді.

Әйелдер арасында бүгін ашық судағы 10 шақырымға жүзу бойынша жарыс басталған болатын. Бұл жарыс жолында отандасымыз Ксения Романчук екі қытайлық спортшыға жол беріп, үшінші орын алды. Екі күн бұрын ол 5 шақырымға жүзу бойынша бесінші орын алған еді.

Хабарламаларға жазылу