Қазақстандық триатлоншылар аралас эстафетада бесінші орыннан көрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық триатлоншылар аралас эстафетада бесінші орыннан көрінді

26.09.2014
Қазақстандық триатлоншылар аралас эстафетада бесінші орыннан көрінді

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында триатлоннан аралас эстафеталық жарыс аяқталды.

Азия ойындарының алтын жүлдесін Жапония спортшылары жеңіп алды, жарыс қожайындары – Оңтүстік Корея күміс медальға ие болды. Қола медаль – Қытай төрттігінде.

Қазақстандық құраманың сапында Темирлан Теміров, Каролина Соловьева, Валентин Мещеряков және  Оксана Грот жеңімпаздан 7 минут қалып қойып, мәреге 5-ші келді. Жарысқа 12 құрама қатысты.

Триатлон. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея),

Аралас эстафета.

1. Жапония — 1:17:28

2. Оңтүстік Корея — +1:11

3. Қытай — +1:48

 

5. Қазақстан — +6:55. 

Фото: www.gettyimages.ae

Хабарламаларға жазылу