Вьетнамда V Азия Жағажай ойындары өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда V Азия Жағажай ойындары өтіп жатыр

25.09.2016
Вьетнамда V Азия Жағажай ойындары өтіп жатыр

V Азия Жағажай ойындары 2016 жылдың 24-ші қыркүйегі мен 3-ші  қазаны аралығында Вьетнамның орталық бөлігіндегі Дананг қаласында өтеді. 

Оған 45 елден 5 мыңдай спортшы қатысады. Ойындар бағдарламасына 14 спорт түрі кіреді. Олар: су полосы, ашық суда жүзу, жағажайлық каббади, футбол, волейбол, гандбол, баскетбол, жағажайлық сепатакрау, жағажайлық волан, жағажайлық  петанк, жағажайлық бодибилдинг, жағажайлық вудбол , жағалаудағы ескек есу, жағажайлық  жеңіл атлетика.

Аталмыш жарыста Қазақстан атынан 6 спорт түрі бойынша 32 спортшы қатысады. Жерлестеріміз су полосы, ашық суда жүзу, жағажайлық волейбол, джиуджитсу, самбо және муайтай бойынша бақ сынайды. 

Хабарламаларға жазылу