Инчхон-2014. Дьяченко мен Сидоренко жағажай волейболынан ширек финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Дьяченко мен Сидоренко жағажай волейболынан ширек финалға шықты

25.09.2014
Инчхон-2014. Дьяченко мен Сидоренко жағажай волейболынан ширек финалға шықты

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында жағажай волейболынан 1/8 финал ойындары өтті.

Қазақстандық Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко Шри-Ланка елінің спортшылары Мухамалаг Джуда Махеш Переру мен Васант Ратнапала Бомбувалу Девагені 2:0 (21:12, 21:11) есебімен ұтты.

Енді ертең қазақстандық волейболшылар катарлық Тамер Абделрасула I Абделрасула мен Абделазиз Халлуф жұбына қарсы ойнайды.

Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұбы болса, жапониялық Хитоси Мураками мен Такуми Такахасиға 1:2 (17:21, 21:17, 15:17) есебімен есе жіберді.

Ал жағажай волейболынан әйелдер құрамасының мүшелері Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова жарысты 26-шы қыркүйек күні ¼ финалдан қытайлық Юанюан Ма және Синью Сямен кездеседі.

 

Хабарламаларға жазылу