Мұхаммед Әлидің Джордж Форманға қарсы жекпе-жекте жеңген белбеуі аукционда сатылады
Мұхаммед Әли Джордж Форманға қарсы жекпе-жектен жеңген WBC нұсқасы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы белбеуін Heritage Auctions аукцион үйі сатылымға қояды.
Әли өзінен жеті жасқа жас және өзара кездесуге дейін жеңіліп көрмеген Джордж Форманмен болған жекпе-жекте аутсайдер саналған. Алайда, 1974 жылы Конго елінің Киншасе қаласында өткен кездесу Әлидің пайдасына 8-раундта жасалған нокаутпен аяқталды.
Аукцион ұйымдастырушылары 10 қыркүйек күні Далласта өтетін сатылымнан 600 000 АҚШ долларынан аса ақша түсіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, аукционда аты аңызға айналған боксшының басқа да заттары сатылымға қойылады - 1950 жылы жасөспірім кезіндегі спорт сөмкесінен бастап, маңызды жекпе-жектерде киген былғары қолғаптарына дейін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16