«Kazsport» телеарнасына – 3 жыл! (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасына – 3 жыл! (ФОТО)

01.07.2016
«Kazsport» телеарнасына – 3 жыл! (ФОТО)

Осыдан тура 3 жыл бұрын Қазақстанда алғашқы мемлекеттік спорттық телеарна – «Kazsport» пайда болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ашылған арна салауатты өмір салтын насихаттап, спортпен шұғылдануға тағы бір серпін берді.  

​​​​Бүгін «Kazsport» телеарнасына – 3 жыл!

казспорт

Эфирде 3 жыл. 5 мың трансляция. 80 деректі фильм. 1300 бағдарлама. 300 арнайы репортаждар мен жобалар. Бұл – ерен еңбек пен қажымас жұмыстың нәтижесі. Осы уақытқа дейін «Kazsport» көптеген спорт шараларын тікелей эфирде таратты. Олардың арасында Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионаты, Сочиде өткен қысқы Олимпиада, Нанкинде өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада, Инчхонда өткен 17-ші Азия ойындары, дәл қазір Францияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионаты. Жалпы, бұл уақыт аралығында эфирде 47 спорт түрінен Әлем және Азия чемпионаты көрсетілді.

Бүгін «Kazsport» телеарнасына – 3 жыл!

Сонымен қатар, «Kazsport» телеарнасы өзі де көптеген өнім шығарады. Олардың қатарында отандық спорт майталмандары туралы түсірілген деректі фильмдер, «Жеке бапкер - Личный тренер», «Моя высота» - «Өз биігім», «Жеңіс сарайы» - «Дворец победы», «Көкпар», «SPORT.KZ», «Где Вы, чемпионы?» сияқты бағдарламалар бар. Осыған қоса телеарна эфирінде қазақстандық клубтар мен ойыншылар, әлемнің спорт жұлдыздары, халықаралық және жергілікті жарыстар, спорт тарихы туралы түсірген арнайы репортаждары мен жобалары бар.

казспорт

Бүгін «Kazsport» телеарнасына – 3 жыл!

Арнаның режиссерлері, редакторлары мен операторлары әлемді шарлап, Қазақстанның түкпір-түкпірінде болды. Көрермендер мен жанкүйнрлер «Kazsport» арнасының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы тез әрі шынайы ақпарат ала алады. Қазіргі таңда kazsport.kaztrk.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшасына 80 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген.  

казспорт

Бүгін «Kazsport» телеарнасына – 3 жыл!

Көптеген жетеістікке қарамастан арна әлі дамып әрі жетіліп жатыр. 3 жыл – бұл тек бастама! Біз осымен тоқтап қалмаймыз. Баршаңызды болашақта көптеген қызықтар күтіп тұр. Жуырда «Kazsport» ұжымы «Olympic dream», «Универсиада қарсаңында-2017», «Спортивный регион» сияқты жобаларды таныстырса, енді кезекте арнайы «Лечебная физкультура» жобасы жарық көреді. 2016 жылдың соңына дейін Болат Жұмаділов, Асқар Қожабергенов, Ермахан Ыбрайымов, Серік Қонақбаев, Ерлан Сағымбаев, Геннадий Головкин мен Ольга Шишигина туралы деректі фильмдер көрсету жоспарланған.

казспорт

«Kazsport» - жеңіске біргі жетейік!» - бұл тек алғашқы мемлекеттік спорттық арнаның ұраны емес, қазіргі Қазақстанның өмірлік ұстанымы.

Хабарламаларға жазылу