Данияр Елеусінов – Азия ойындарының екі дүркін чемпионы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данияр Елеусінов – Азия ойындарының екі дүркін чемпионы

03.10.2014
Данияр Елеусінов – Азия ойындарының екі дүркін чемпионы

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер басталды.

69 келі салмақта қазақстандық Данияр Елеусінов финалда өзбекстандық Исраил Мадримовті 3:0 (30:27; 30:27; 30:27) есебімен ұтып, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 4 жыл бұрын Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында да қарсылас шақ келтірмеген еді.

Енді шаршы алаңға Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Антон Пинчук (91 келі) және Иван Дычко (+ 91 келі) шығады.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектерді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. 

Фото: Данияр Майлыбаев

 

Хабарламаларға жазылу