28 маусым Астанада үздік жауынгерлік жекпе-жек өкілдері өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 маусым Астанада үздік жауынгерлік жекпе-жек өкілдері өнер көрсетеді

21.06.2016
28 маусым Астанада үздік жауынгерлік жекпе-жек өкілдері өнер көрсетеді

Астанада Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі осымен екінші рет өткізіледі. Әлемдегі түрлі жекпе-жектердің үздік өкілдері бір аренада бас қосады. Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің шеберлері көрермендер назарына 11 дисциплина бойынша көрнекі ұрыстар ұсынады, соның ішінде джиу-джитсу, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай, вин-чун, қазақша күрес, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань және пекити-тирсия кали, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Биыл шараға Вин-Чун Халықаралық федерациясының (IWCO) құрметті президенті – Сифу Дональд Мак, Ultimate Fighting Championship қамқорлығымен өнер көрсететін, аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нурмагомедов, кәсіпқой ресейлік тайбоксер және кикбоксёр, тай боксынан және кикбоксингтен кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасындағы жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, тай боксынан Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды әйгілі тұлғалар қатысады.

28 маусым Астанада үздік жауынгерлік жекпе-жек өкілдері өнер көрсетеді

Өткен жылғы фестивальге қатысқан актер, кәсіпқой спортшы, жауынгерлік жекпе-жек бойынша әскери нұсқаушы Сергея Бадюк спорт сүйер қауым үшін тосын сый болмақ.

Маңызды спорттық шарадан қазақстандық спортшылар да тыс қалмайды. Еліміздің танымал боксшысы, 2005 жылғы және 2007 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» кәсіпқой бокс клубының бас директоры Серік Сәпиев, тай боксы мен К-1 кәсіпқой спортшы, әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы Таиланд Королі кубогының иегері Дәулет Отарбаев, каратэ мен ММА-ден әлемнің үш дүркін чемпионы, джиу-джитсуден Еуропаның үш дүркін чемпионы Айдар Махметов, сондай-ақ, Қазақстанның джиу-джитсу мен ММА федерациясының президенті Анатолий Ким сияқты кеш қонақтары өз шеберліктерін ортаға салады.

Фестиваль Елорда күніне орай екінші рет өткізілмек. Аталмыш шара әлемнің түрлі жекпе-жектер бойынша үздік спортшылардың басын қосатын бірегей алаңға айналды.

Еске салайық, бірінші жауынгерлік өнер фестиваліне барша әлемнен 150 жуық шебер қатысып, шара барысында Стивен Сигал, Сергей Бадюк пен Бату Хасиков көпшілікке түрлі жекпе-жектерден айла-тәсілдер көрсетті. Сонымен қатар елордалық көрермендер алғаш рет шаолинь монахтарының өнерін тамашалады.

Хабарламаларға жазылу