Пеле барлық марапаттарын аукционға шығарды
Атақты бразилиялық футболшы Пеле 60 жыл спорттағы қол жеткізген марапаттарының коллекциясын аукционға шығарды. Үш күндік аукцион Лондонда сейсенбі күні ашылады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Сарапшылар айтқандай, аукцион спорттық құндылықтарды сату бойынша тарихтағы ең ірі аукцион болмақ. Саудаға барлығы екі мыңнан астам жәдігер қойылды. Оларды сатудан 7,2 млн доллар түседі деп күтілуде.
Футболшы өзінің марапаттары мұражайлар мен жеке коллекцияларда сақталғанын қалайтынын айтқан. Ол түскен пайданың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтынын жеткізді.
Пеле ФИФА футбол комиссиясының нұсқасы бойынша - XX ғасырдың үздік футболшысы және Халықаралық Олимпиада комитетінің нұсқасы бойынша - XX ғасырдың үздік спортшысы деп танылған.
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16