Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов америкалық боксшы Джуниор Райтты жеңіп, WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта «тұрақты» әлем чемпионы титулын жеңіп алды. Енді қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов және Ресей былғары қолғап шебері Денис Лебедев алдағы 120 күн ішінде өзара жекпе-жек ұйымдастыруы керек, деп хабарлады Vesti.kz.
Шүменов Лас-Вегас қаласында 12 раундтық кездесуде америкалық Джуниор Райтты 10-шы раундта техникалық нокаутпен тізе бүктіріп, WBA нұсқасының бірінші ауыр салмақтағы тұрақты чемпионы титулын жеңіп алды. Ал, Лебедев Мәскеуде Аргентина боксшысы Виктор Рамиресті екінші раундта жеңіп, WBA және IBF нұсқаларының әлем чемпионы титулдарын біріктірді. WBA ережесі бойынша Лебедев «суперчемпион» атанады да, тұрақты чемпион белбеуі Шүменовке беріледі. Енді қазақстандық боксшы Лебедевпен 120 күн ішінде қолғап түйістіруі шарт. Жеңгені чемпиондық белдікті жұма күні француз боксшысы Йоури Каленганы жеңген кубалық Йониэра Дортикостан қорғауы қажет болады.

inform.kz