Допинг мәселесі ауыр атлеттерімізге кедергі жасауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Допинг мәселесі ауыр атлеттерімізге кедергі жасауы мүмкін

25.12.2015
Допинг  мәселесі ауыр атлеттерімізге кедергі жасауы мүмкін
Допинг  мәселесі ауыр атлеттерімізге кедергі жасауы мүмкін

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық бірнеше спортшыны уақытша жарыстарға қатыстырмауға бел буды. Себебі, олар допинг қолданған болуы ықтимал екен.

Ауыр атлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев пен Ермек Өміртайдың қан құрамынан тыйым салынған дәрі-дәрмектің белгілері байқалған. Яғни дегидрохлорметилтестостерон деп аталатын субстанция пайдаланды деген күдік бар.

Ал, Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни vesti.kz тілшілеріне берген шағын сұхбатында допинг-тест қортындыларына күмән келтіретіндігін айтқан. Ол: «Мен бұл тест нәтижелеріне күмәнданамын. Бұл жігіттер бала-шаға емес. Қыдырбаев –әлем чемпионы, Өтешев жыл сайын күміс жүлдені алып жүр. Бұлар жоғары деңгейдегі спортшылар, біз оларды Хьюстондағы жарысқа алтын мен күміс медал алу үшін даярладық. Бұл жерде қисын керек. Неге Рахимов пен Зайчиков допинг-тесте тұтылмайды? Біз бір командамыз, бірге дайындалдық, сондықтан менде сауал көп. Егер қатардағы спортшылар мұндай дәрі-дәрмек пайдаланса жөн басқа, бұлар тәжірибелі, үздік спортшылар. Олар медалдар алуға даяр болатын. Демек, бұл жағдай нонсенс. Басшылық қандай шешім қабылдайтыны 28 желтоқсанда белгілі болады»,-деді Алексей Ни.

Сонымен қатар ол, спортшылардың екінші допинг-тесттерінің нәтижелерін көру керектігін айтқан. АҚШ-та алынған сынамалар Монреалдағы зертханаға жіберілсе керек. Бірақ, біздің спортшылар көбіне Кельн қаласындағы зертхана қортындыларына жүгінетін көрінеді. Өйткені, ол зертхана әлемдегі ең үздік допинг зертханасы болып саналады. Алексей Ни дүниежүзінің кез келген спортшысы допингке қатысты дау-дамай шыққанда Кельн зертханасына жүгінетіндігін айтқан. Сондықтан, бас бапкер Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы да тиісті шаралар қабылдайтындығына сенім білдірді.

Жалпы, IWF тізімінде 17 спортшы жүр. Олардың арасында көптеген халықаралық жарыстарда жүлде алған атлеттер бар. Алайда, тізімде Батыс Еуропа мен АҚШ-тан бірде-бір спортшы жоқ. Тек ТМД елдері, Солтүстік Корея, Грекияның спортшыларының ғана аты-жөндері көрсетілген.

Допинг  мәселесі ауыр атлеттерімізге кедергі жасауы мүмкін


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу