Студенттер шетелдік футболшымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер шетелдік футболшымен кездесті

12.11.2015
Студенттер шетелдік футболшымен кездесті
Студенттер шетелдік футболшымен кездесті

Сұлтанмахмұд Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Ертіс» футбол клубының лигионері Фернандер Кассаймен кездесті.

Кездесудің өтуіне Павлодар мемлекеттік университетіндегі «ЕХРО – 2017» халықаралық көрмесіне волонтерларды даярлайтын орталық пен көптілді білім беру орталығы мұрындық болды. Бұл кездесу ЖОО-ы студенттерінің шет тілін меңгеруіне зор тәжірибе болды. Ал футболшы Фернандер Кассай өзінің орталықтан алған тіл білімін жақсы меңгергенін көрсетті. Еркін бас қосу барысында, Қазақстан және Франция туралы қызықты да танымдық ойын ұйымдастырылып, домбырамен күй күмбірлетіп, француз тілінде ән шырқады.

Еске сала кетсек, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен «Ертіс» футбол клубы биыл өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойған еді. Бұл келісім негізінде командадағы легионерлердің университетте қазақ және орыс тілдерін меңгеруі қарастырылған болатын.


Есенбек Базарқұл


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу