ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жаңадан ашылған ІТ университеттің студенттерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жаңадан ашылған ІТ университеттің студенттерімен кездесті

09.09.2019

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жаңадан ашылған ІТ университетке барып студенттермен кездесті. Студенттерге шетелдік және қазақстандық жетекші профессорлар, зерттеушілер мен практиктер дәріс береді. Биыл университет Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, Ақпараттық қауіпсіздік, Телекоммуникациялар, Бизнес және менеджмент сияқты бағыттар бойынша 614 студентті қабылдады. Оқу орнында студенттер мен оқытушылардың шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыру үшін, әлемдік IT-компаниялардың дәстүріне сәйкестендірілген және эргономикалық жиһаздармен жабдықталған, арнайы аймақтар ұйымдастырылған.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары: 

Сіздер өздеріңіздің әріптестеріңізбен бірге халықаралық деңгейге сай білім аласыздар. Ертең осы Қазақстанның дамуы үшін, Қазақстанның экономикасына, 21 хасырдың талабына барлық жағынан да сай өздеріңіздің үлестеріңізді қосасыздар.

Оңғар АЛПЫСБАЙ 


Хабарламаларға жазылу