Студенттер Илья Ильинмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер Илья Ильинмен кездесті

14.02.2020

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы, еліміздің мақтанышы Илья Ильинмен кездесті. Басқсоуда спорт шебері өзінің спорттық жетістіктерге жету жолындағы қажырлы іс-әрекеті, мақсаткерлігі, жігерлі ұмтылысы туралы әңгімелеп берді. 

Сондай-ақ өмірде кездесетін түрлі кедергілерді жеңе білу, ұстамдылық пен парасаттылық туралы өзінің көкейге түйген ойларымен бөлісті. 

Волонтер жылына орай ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты - жастарды спортқа, тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу