Студенттер Қазақстан құрамасының спортшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер Қазақстан құрамасының спортшыларымен кездесті

03.10.2017

Қазақ агротехникалық университетінің студенттері қазақстандық құрамалардың белді спортшыларымен кездесті. Саламатты өмір салтын құру мен бұқаралық спортты насихаттау. Жастарды спортқа тарту. Қазақ Агротехникалық университетінің студенттері қазақстандық құрамалардың спортшыларымен кездесті. Жастар мен спортшылардың кездесуі аталған оқу ордасының 60 жылдығына орайластырылып отыр. Кездесуде спортшылар ғана емес студенттер де қазақ күресі мен дзюдо секілді спорт түрлерінен өнер көрсетті.

Айта кету керек,  60 жыл ішінде университеттің 30-ға жуық түлегі түрлі спорттан Әлем чемпионы атанса, 115-ден астам түлек спорт шебері болған.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ 

Хабарламаларға жазылу