Лионель Месси Барселонада аумағы шағын қалашықтай болатын мейрамхана ашпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лионель Месси Барселонада аумағы шағын қалашықтай болатын мейрамхана ашпақ

30.03.2016
Лионель Месси Барселонада аумағы шағын қалашықтай болатын мейрамхана ашпақ

Танымал футболшы Лионель Месси Барселонада аумағы мың шаршы шақырымды құрайтын мейрамхана ашпақ. Regio7 басылымының хабарлауынша, бұл демалыс орны Bellavista del Jardin del Norte деп аталатын болады.

Футболшымен бірге оның ағасы Родриго Месси және ағайынды Иглесиастар да мейрамхана басшысы ретінде саналады. Enric Granados мекенжайы бойынша орналасатын мекеме шағын қалашық ретінде салынбақ. Онда бар, алаң, бақ, балабақша, тіпті дүңгіршектер де болады. Сан түрлі стильде безендірілетін залдарда түрлі елдердің тағамдары ұсынылады. Ал аспаздыққа тек Мишлен жұлдызын алғандар ғана шақырылмақ, деп жазады ҚазАқпарат.

 

Хабарламаларға жазылу