Футбол: «Астана» «Галатасарай» 2:2 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол: «Астана» «Галатасарай» 2:2

01.10.2015
Футбол: «Астана» «Галатасарай» 2:2

«Астана Арена» стадионында өткен ойында екі команда ойыншылары да бір-біріне автогол салды. Бірінші таймда 0:1 есебімен жеңіліп жатқан «Астана» екінші таймда қатарынан екі гол салды.

Қарсыластың қақпасына кірген алғашқы допты «Астана» ойыншысы Джуниор Кабананга қақпаға қарай тепкенде,  «Галатасарай» ойыншысы Хақан Балтаның аяғы өз қақпасына гол кіргізді. Бірақ, матчтың екінші таймында «Астана» командасының қақпашысы Ненад Эрич те  өз қақпасына гол кіргізіп, «Галатасарай»-ға екінші гол сыйлады.

Ойынның соңғы минуттарында  Рохер Каньястың тепкен добы «Галатасарай» қақпасынан табылып, есеп  2:2-ге теңескен.   

Хабарламаларға жазылу