«Астана» - «Галатасарай» кездесуінің 80 пайыз билеттері сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» - «Галатасарай» кездесуінің 80 пайыз билеттері сатылған

25.09.2015
«Астана» - «Галатасарай» кездесуінің 80 пайыз билеттері сатылған

30 қыркүйек күні УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде елордалық «Астана» өз алаңында Түркияның «Галатасарай» футбол клубын қабылдайды. Дәл осы уақытқа дейін аталған кездесуге билеттердің 80 пайызы сатылып кеткен.

УЕФА-ның регламентіне сәйкес, қонаққа келетін команда матч өтетін стадионның жалпы сыйымдылығына сәйкес, билеттердің 5 пайызын сатып ала алады. Ал «Астана-Арена» стадионының сыйымдылығы бойынша, 5 пайыз дегеніміз - 1500 билет.

Бірақ, осы аптада «Галатасарай» командасы бізге ресми хат жолдап, шамамен 200-300 адам келеді, деп мәлімдеген. Енді қонақтарға бөлінген билеттер өз жанкүйерлерімізге сатылатын болады.  

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

 

                                                         

Хабарламаларға жазылу