Чемпиондар Лигасы: «Галатасарай»-«Астана» ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар Лигасы: «Галатасарай»-«Астана» ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды

09.12.2015
Чемпиондар Лигасы: «Галатасарай»-«Астана» ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды

«Астана» футбол клубы бүгін Стамбулда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңдегі соңғы турында жергілікті «Галатасарай» футбол клубымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті.

Матчтың 62 минутында «Астаналық» футболшы Твумаси гол салса, араға 2 минут салып «Галатасарай» капитаны Сельчук Инан есепті теңестірді.

Қорытындысында, «Галатсарай» Еуропа Лигасына жолдама алса, «Астана» футбол клубы тең ойын көрсеткені үшін 500 мың евро алып, Чемпиондар лигасындағы мауысымын аяқтады.

Хабарламаларға жазылу