Константин Савенков «Барыс» клубына ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Константин Савенков «Барыс» клубына ауысты

29.06.2014
Константин Савенков «Барыс» клубына ауысты
Шабуылшы Константин Савенков «Барыс» клубына ауысты. Ол екі жыл бұрын елордалық команданың құрамында ойнаған еді. Мұзайдынға тек үш рет шығып, бір нәтижелі пас берген.
 
Естеріңізге сала кетейік, Константин Савенков Хельсинким мен Будапештте өткен Әлем чемпионатында, сонымен қатар Ригада өткен олимпиадалық іріктеу турнирінде Ұлттық құраманың намысын қорғады.
 
24 жастағы хоккейші өткен маусымда «Қазцинк-Торпедо» клубында 52 матч өткізіп, 29 (11+18) ұпай жинады.

Хабарламаларға жазылу