Семейде пауэрлифтингпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі жандарға спорт клубы тегін қызмет көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде пауэрлифтингпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі жандарға спорт клубы тегін қызмет көрсетеді

18.06.2015
Семейде пауэрлифтингпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі жандарға спорт клубы тегін қызмет көрсетеді

Семейде пауэрлифтингпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі жандарға спорт клубы тегін қызмет көрсетеді. Жергілікті спортшы  әрі кәсіпкер Андрей Алтайбаев өткен жылдан бастап көзі нашар көретіндерге жаттығу залдарын қолданысқа берген.

Аз уақыттың ішінде олардың арасында зілтемір көтеру спорты бойынша Паралимпиадалық жарыстардан үздік нәтиже көрсеткендер де бар.

Қазір спорт клубында 30 мүмкіндігі шектеулі жан кәсіби спортшылармен қатар жаттығады.

Пауэрлифтингтен облыстық сайыстарда нәтиже көрсетіп үлгерген спортшылар ірі турнирлерге дайындалып жатыр.

 

Ержан ЖАҚЫП

 

 

Хабарламаларға жазылу