Астана «Ең үздік спорттық аймақ» атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана «Ең үздік спорттық аймақ» атанды

18.11.2014
Астана «Ең үздік спорттық аймақ» атанды

Спортшылардың Жазғы Азия ойындарындағы табыстары үшін Астанаға «Ең үздік спорттық аймақ» сыйлығы берілді. 

Еске салайық, Қазақстандық паралимпиадалық құрама командасы Инчхонда 7 алтын, 6 күміс және 11 қола жүлде иеленіп, 11-орын иеленген.

Медальдардың басым бөлігі елордалық спортшылардың еншісінде. 

Жиында Паралимпиадалық спорт түрлерінің дамуына қосқан үлесі үшін Астана қаласының Спорт басқармасына Алғыс хат табысталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Спортшылар көрсеткен нәтиже - тек елордамыз үшін ғана емес, еліміз үшін  үлкен жетістік. Риода өтетін Паралимпиадалық Ойындарда үздік нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін. Спортшылар мен бапкерлердің атынан Астана қаласының әкімдігіне алғыс айтамын», - деді «Қайсар» СК директоры Аллаберген Алдоңғаров.

 «Қайсар» спорт клубы - Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы арнайы клуб.

 

Хабарламаларға жазылу