Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға бірыңғай байланыс орталығы қызмет көрсетеді

12.06.2014
Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға бірыңғай байланыс орталығы қызмет көрсетеді
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімінен мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге жауапты қызметкер бекітілген.
 
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін кез-келген қызмет түрі мүмкіндігі шектеулі жандарға үй жағдайында көрсетіледі - Kazinform халықаралық ақпараттық агенттігі
 
«ХҚКО-на келуге мүмкіндігі болмаса біртұтас байланыс орталығына 1414 нөмірі арқылы телефон шалып өзінің мүмкіндігі шектеулі жан екендігін айтып.  Үй жағдайында қызмет көрсетуін сұраған жағдайда, ХҚКО қызметкері қажетті құжаттарды қабылдайды және осы құжаттар орындалғаннан кейін мобильді жолға шығу арқылы үйіне жеткізілетін болады», - дейді бөлім инспекторы М.Жарылқасынова.
 
 
Айта кетейік, тәулік бойы жұмыс атқаратын 1414 бірыңғай байланыс орталығына ұялы немесе қала телефондары арқылы қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.

Хабарламаларға жазылу