Қазақ күресінен ел чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресінен ел чемпионаты басталды

07.06.2014
Қазақ күресінен ел чемпионаты басталды
Талдықорғанда қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Еліміздің барлық аймағынан 200-ден астам палуан 2 күн бойы 5 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтайды.
 
Биылғы «Қазақстан Барысына» қатысатын палуандар өз деңгейлерін байқап көру үшін Жетісудың бас қаласына келді. Жарыстың қорытындысы бойынша Ұлттық құрама жасақталмақ. Қазақ палуандары биыл кыркүйекте Қырғыз Республикасындағы Түрік тілді елдердің ойындарына, ал қазан айында Семейде өтетін Азия чемпионатына, сол секілді Канада жерінде жалауы желбірейтін әлемдік бәсекеде бағын сынамақ. Чемпиондардың есімдері ертең белгілі болады.
 
Айдын Смағұлов, Алматы облысы қазақ күрес федерациясының атқарушы директоры:
Бұл жарыс Қазақстан чемпионатын алдымыздағы Азия чемпионатына, Әлем чемпионатына іріктеу жарысы. Бұл жарысқа келіп отырған «Қазақстан Барысының» чемпионы Айбек Нұғмаров, сонымен бірге Шалқар Жоламан, Мұхит Тұрсынов келді. Қазақ чемпионатының деңгейі үлкен дәрежеде өтіп жатыр.
 
 
 
 
 
 

Хабарламаларға жазылу