Әлібек Бөлешов футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасына 11 жылдан кейін қайта шақырту алды
Кеңейтілген тізімге бас бапкер Юрий Крсаножан ел чемпионаты мен шетелде ойнайтын 38 футболшыны енгізді.
Олардың арасында Германияның «Ингольштадт» клубының қорғаушысы Константин Энгель, «Грасхоппер» жартылай қорғаушысы Александр Меркель болса, еліміздің негізгі командасында ойнауға араға 11 жыл салып Әлібек Бөлешов қайта шақырту алған. Сондай-ақ, жарақатынан айыққан Жамбыл Көкеев те құрама жейдесін киеді.
Оқу-жаттығу жиыны 8 маусым күні Талғарда басталады. Еске сала кетейік, 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан мен Түркия құрамалары арасындағы матч 12 маусымда, ал Кабо-Верде құрамасымен жолдастық кездесу 16 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.
Рустам БАЙДӘУЛЕТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18