Министр А. Мұхамедиұлы Головкинді жеңісімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр А. Мұхамедиұлы Головкинді жеңісімен құттықтады

24.04.2016
Министр А. Мұхамедиұлы Головкинді жеңісімен құттықтады

«Сізді кезекті тамаша 35-і жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сіз біздің еліміздің мақтанышысыз. «GGG» қазіргі таңда Қазақстанның  ұлттық брендіне айналып, патриотизмнің, Отанға деген махаббат пен сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі болып отыр. Қазақстанда Сізге ұқсағысы келетін боксшылардың жаңа легі жетіліп келе жатыр. Сіздің тамаша жеңістеріңізді біздің елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде де мақтаныш тұтады. Бокстың миллиондаған жанкүйерлері Сіздің әсерлі жекпе-жектеріңізді тағатсыздана күтеді. Барша қазақстандық спортшылар мен жеке өзімнің атымнан Сізді жеңісіңізбен тағы бір мәрте құттықтап, мықты денсаулық, табыс және жаңа жеңістер тілеймін», - делінген Мәдениет және спорт министрінің құттықтауында.

Еске сала кетейік, жерлесіміз Г.Головкин (35-0, 32 КО) бүгінгі күні әлемдік бокс серияларының  WBA, IBO, WBC (Interim) және IBF секілді төрт белбеуінің иегері.

Бүгін суперчемпион, жеңімпаз Геннадий Головкин Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында бұған дейін еш жеңіліп көрмеген америкалық Доминик Уэйдті (18-0, 12 КО) екінші раундта нокаутқа жіберіп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. 

Хабарламаларға жазылу