Головкин - Чавес жекпе-жегін HBO көрсетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкин - Чавес жекпе-жегін HBO көрсетуі мүмкін

25.03.2014
Головкин - Чавес жекпе-жегін HBO көрсетуі мүмкін
Top Rank және K2 Promotions промоутерлік компаниялары WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин  мен  осы салмақтағы бұрынғы чемпион, мексикалық Хулио Сезар кіші Чавес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.
 
Головкин мен Чавес жекпе-жегі 12 шілдеде Калифорнияның Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өтуі ықтимал. Бұл кездесу HBO телеарнасы арқылы ақылы трансляция жүйесінде (PPV) көрсетіледі деп күтілуде.
 
Бұған дейін, HBO телеарнасы 26 сәуірде Нью-Йорктің Madison Square Garden  аренасында өтетін бокс кешін көрсетуден бас тартты. Айта кетейік, өткен жылы телеарна көрсеткен Головкин-Стивенс жекпе-жегі рейтинг бойынша үздік үштікке енді.

Хабарламаларға жазылу