Волейболдан әйелдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр
Павлодарда волейболдан әйелдер арасында ұлттық лига командалары арасында ел чемпионаты өтіп жатыр. Жалпы 6-шы тур ойындарына 6 команда қатысуда.
Жарыстың алғашқы күні Астана волейболшылары «Алматы» командасына есе жіберіп, екінші ойында волейбол академиясының өкілдерін 3:0 есебімен ұтты. Ал Қарағанды қаласынан келген ойыншылар екі кездесуде жеңіліске тап болды. Әзірге турнир кестесінде еншісінде 61 ұпай бар «Иртыш Казхром» командасы жеке дара топ бастап келеді. Ал «Жетісу» командасы 60 ұпайға қол жеткізген. Алтын медаль үшін талас осы екі команда арасында өтпек. Ала допты алақанда ойнатқан шеберлердің өнерін «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Жарыс сәуір айының 15-ші жұлдызында аяқталмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18