Астанада конькимен жүгіру спортынан Әлем чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада конькимен жүгіру спортынан Әлем чемпионаты басталды

28.02.2015
Астанада конькимен жүгіру спортынан Әлем чемпионаты басталды

Олардың қатарында американдық Шани Дэвис, Хизер Ричардсон, Ресейлік Павел Кулижников және Ольга Фаткулина бар.

Ал, еліміздің намысын бұл әлем біріншілігінде – Екатерина Айдова, Денис Кузин, Роман Креч және Александр Жигин қорғайды.

Екі күнге созылатын жарыста спортшылар 500 және 1000 метр қашықтықта бақтарын сынайды. 

Жеңімпаз екі дистанцияның қорытындысы бойынша анықталмақ. Спорт сүйер қауым Әлем чемпионатын ертең тікелей эфирде сағат 18:20-да «KAZsport» телеарнасынан көре алады.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу