Дмитрий Бабенко 12-ші орыннан көрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дмитрий Бабенко 12-ші орыннан көрінді

24.03.2014
Дмитрий Бабенко 12-ші орыннан көрінді


Голландияның Херенвен қаласында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша Әлем чемпионаты аяқталды. 500 және 5000 метрлік жарыстан кейін, спортшылар 1500 метрлік қашықтықта бәсекеге түсті.
 
Бұл сында ресейлік Денис Юсков жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орынды голландиялық Кун Вервей мен бельгиялық Барт Свингс бөлісті.  
 
Қазақстандық Дмитрий Бабенко 12-ші орыннан көрінді.  Ол үздік сегіз спортшының қатарына іліге алмаған соң, 10000 метрлік қашықтықта жүгіру  мүмкіндігіне ие болмады.
 

Хабарламаларға жазылу