Лидия Скобликова: Екі рет құлаған спортшының чемпион болғанына таңғалдым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лидия Скобликова: Екі рет құлаған спортшының чемпион болғанына таңғалдым

17.02.2014
Лидия Скобликова: Екі рет құлаған спортшының чемпион болғанына таңғалдым
  Конькимен жүгіру спортынан алты дүркін Олимпиада чемпионы Лидия Скобликова мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенконың Сочи Олимпиадасындағы жекелей сынға қатыса алмауына қатысты пікір білдірді.
 
«Плющенко жөнінде талқылағым келмейді. Мәнереп сырғанау бәсекесін сол үшін көруге бардым. Мұз үстінде екі рет құлап Олимпиада чемпионы атанғанына таңғалдым. Екінші орынды да құлағанға берді. Тек қазақстандық спортшы өз бағдарламасын мінсіз орындады», - дейді  Лидия Скобликова
 
Сонымен қатар, атақты спортшы ресейлік шаңғышылар мен конькимен жүгірушілердің де сәтсіздікке ұшырап жатқанын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу