Денис Кузиннің басты қарсыласы – Шани Дэвис - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Кузиннің басты қарсыласы – Шани Дэвис

12.02.2014
Денис Кузиннің басты қарсыласы – Шани Дэвис
  Бір жыл бұрын конькимен жүгіру спортынан Сочиде өткен Әлем чемпионатында сенсация болды. Жұлдыздарды шаң қаптырған  қазақстандық спортшы Денис Кузин  1000 метрлік қашықтықта топ жарды.
 
Қостанайлық жігіт Әлем Кубогының кезеңдерінде төртінші орыннан көрінді. Жарыс алдында ол «ешқандай фаворит жоқ, кез келген спортшы жеңіске жете алады» деп мәлімдеме жасады.
 
Бұл жолы «алтынға» үміткерлердің саны көп екені анық. Алайда олардың барлығы Сочиге келмеді. Мысалы, Әлем Кубогы кезеңінің «күмісін» иеленген голландиялық Кьельт Нуйс ішкі біріншілікте іріктеуден өте алмады.
 
Денис Кузиннің басты қарсыластары – америкалық Шани Дэвис пен голландиялық Мишель Мулдер.
 
Мулдер Сочиде 500 метрлік қашықтықты бағындырды, спринтерлік көпсайыста Әлем чемпионы атанды.
 
Ал Шани Дэвис Олимпиаданың үшінші «алтынын» көздеп отырғаны айқын. Әзірге конькимен жүгіруден ерлер арасында бір қашықтықты үш Олимпиадада бағындырған спортшы жоқ. Ал өткен жылғы Әлем чемпионатында Дэвис қазақстандық спортшыдан +0,16 секунд қалып қойды.

Хабарламаларға жазылу