Конькимен жүгіруден Астана қаласының ашық чемпионаты басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конькимен жүгіруден Астана қаласының ашық чемпионаты басталады

03.12.2022

Ертең елордада конькимен жүгіру спортынан Астана қаласының ашық чемпионаты басталады. Дүбірлі дода Дүниежүзілік коньки тебу күніне орайластырылған. Жарысты қала әкімдігі ұйымдастырып отыр. 

Ділназ Ибраева – жарысқа келген жас үміткерлердің бірі. Анасының кеңесімен 6 жасынан коньки спортымен айналысады. Бағындырған асулары аз емес. Петропавл тумасы жетістіктерді еселеймін деп келіп отыр.

Ділназ Ибраева, жарысқа қатысушы:

Маған конькимен жүгіру спорты ұнайды. Спорт шеберлігіне кандидат болғым келеді. Әзірше екінші жасөспірімдік разрядым бар. Коньки спорты шыдамдылыққа тәрбиелейді. Қатысушыларға сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін!

Жарысқа Астана, Алматы, Қостанай, Петропавл, Рудный қалаларынан 100-ге жуық спортшы қатысады. Олардың ең кішісі - 12 жаста, үлкені 20-да. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 100 метрден 3 мың метрге дейінгі қашықтықта бақтарын сынайды.

Владимир Костин, Астана қаласының бас жаттықтырушысы:

Бүгін қонақтарды қарсы алып жатырмыз. Жеребе тарту болды. Жаттығу бар. Балалардың спортқа деген қызығушылығы басым. Азия ойындары кезінде ашылған мынандай керемет сарайымыз бар. Ішінде барлық жағдай жасалған. Сондықтан болар, жылда осында бас қосамыз.

Коньки спорты ептілік пен төзімділікке шыңдайды. Сымбаттылық пен командалық ерік-жігер қалыптастырады, - дейді қатысушылар.

Варвара Лухова, жарысқа қатысушы:

Конки спортына өз еркіммен келдім. Ол кезде жасым 5-те болатын. Жетістікке жету үшін тынымсыз еңбектену керек. Мен оны жақсы білемін. Надежда Морозова менің кумирім. Осы жарыста жеңіске жетіп, спортшының жолын қусам деймін.

Ашық чемпионат ертең «Алау» мұз айдыны сарайында басталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен, Кубоктармен және сентификаттармен марапатталады. Айта кетейік, жарысқа Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы да қолдау көрсетіп отыр.

Хабарламаларға жазылу