Айыртау ауданында хоккей корты салынды
Солтүстік Қазақстан облысында 300-ге тарта хоккей корты бар. Жалпы, қазіргі күні өңірде 151 мыңнан астам адам тұрақты түрде бұқаралық спортпен айналысады. Осының арқасында ауылды жерлерде де спорт жанданып, салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатары жыл санап артып келеді.
Ауылды жерлерде балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау заман талабы. Бұл біріншіден, жеткіншектердің теріс жолға түспей, бос уақыттарын пайдалы өткізуге септігін тигізеді.
Екіншіден, спортты серік еткен балалар денсаулығы мықты, әрі батыл да ержүрек болып өседі. Айыртау ауданындағы Всеволодовка ауылында хоккей кортын салудағы да мақсат осы. Жергілікті серіктестік 1 миллион теңгеден астам қаражат бөліп, балаларға спорттық киімдер сатып әперді.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05