Венера Абдулла WADA медалімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венера Абдулла WADA медалімен марапатталды

13.12.2014
Венера Абдулла WADA  медалімен  марапатталды

Азия аймақтық антидопинг ұйымының менеджері  Венера Абдулла WADA-ның арнайы медалімен марапатталды.  Антидопинг қозғалысының негізін қалаушыларының бірі - Махмут Али Халиф атындағы жүлде осы салада еңбегі сіңген мамандарға беріледі. Осыған дейін дәл осындай құрметке екі адам ғана бөленсе, үшінші болып Венера Абдулла қол жеткізіп отыр. Жалпы Орталық Азия  антидопинг ұйымына - Ауғанстан, Қырғыз елі, Түркіменстан, Моңғолия, Пәкістан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан мемлекеттері кіреді 

Хабарламаларға жазылу