Әділбек Жақсыбеков ФИФА медалімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Жақсыбеков ФИФА медалімен марапатталды

23.12.2014
Әділбек Жақсыбеков ФИФА медалімен марапатталды

Әділбек Жақсыбеков Қазақстандағы футболды дамытуға қосқан үлесі үшін ФИФА медалімен марапатталды. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Футбол федерациясы өткізген конференция барысында айтылды.

ФИФА Президенті Йозеф Блаттер хат арқылы Жақсыбеков мырзаға алғысын жеткізді. Сондай-ақ, конференция барысында Әділбек Жақсыбековтің атына УЕФА Президенті Мишель Платинидің атынан да алғыс хат келгені айтылды. Видеохабарламада ол Әділбек Жақсыбековтің қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, алдағы жұмыстарында жаңа жетістіктер тіледі. 

Жиынға өңірлік футбол федерацияларының делегаттары, ҚФФ атқару комитетінің мүшелері, Премьер-Лига және Бірінші-Лига футбол клубтарының өкілдері қатысты. 

Конференцияның ашылуында сөз алған Әділбек Жақсыбеков өзінің Қазақстан Футбол федерациясының Президенті ретіндегі өкілеттігі тоқтатылатынын мәлімдеді. 

Ә. Жақсыбеков, бүгінде ҚФФ еуропалық футбол қауымдастығының толыққанды мүшесі, сондай-ақ, қадамын нық басқан мықты құрылым екенін атап өтті. 

Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, Әділбек Жақсыбеков, отандық футболды тұрақты дамытуға байланысты алда жаңа міндеттердің тұрғанын айтты.

Конференция шешімімен Әділбек Жақсыбековке ҚҚФ құрметті қайраткері атағы тапсырылды. 

Хабарламаларға жазылу