Бірқатар азаматтар «Алғыс» медалімен марапатталды
Ерекше еңбегімен көзге түскен бірқатар азаматтар «Алғыс» медалімен марапатталды. Төсбелгі зілзаладан зардап шеккендерге көмектесу үшін Түркияға аттанған құтқарушыға және шахта жұмысшысына табысталды. Алғыс айту күніне арналған шара Достық үйінде телекөпір форматында өтті. Оған еліміздің барлық өңірі онлайн қосылған. Мерекелік салтанатты жиында қыз-келіншектердің құқығын қорғап жүрген белсенділер, еріктілер мен медицина мамандары да алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, бүгін дәстүрлі «Мейірімділік керуені» республикалық форумы өз жұмысын бастады.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Пандемия белең алған кезде, Маңғыстау өңіріндегі құрғақшылық, Қостанай облысындағы орман өрті мен Павлодар облысындағы техногендік апат сияқты төтенше және табиғи жағдайларда зардап шеккен халыққа көмек көрсеткен қазақстандық құтқарушылар, дәрігерлер, еріктілер, түрлі маман иелері мен қарапайым азаматтарымызға, жастарымызға шынайы ықыласпен ризашылық білдіреміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06