Әскерилер таэквондодан ҚР Қорғаныс министрінің жүлдесін сарапқа салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер таэквондодан ҚР Қорғаныс министрінің жүлдесін сарапқа салды

08.12.2014
Әскерилер таэквондодан ҚР Қорғаныс министрінің жүлдесін сарапқа салды

Әйелдер арасындағы 49 келі салмақта «Барыс» спорт клубының спортшысы Тойжан Қыдырбекова топ жарды.

Ал, 57 келіде Ақбота Исмағұлова үздік болса, аса ауыр салмақта Армияшылар орталық спорт клубының атынан сынға түскен Мереке Жүнісова қарсылас шақ келтірмеді. 

Ерлер арасындағы жарыста 58 келіде Марат Әбдіқалиев қарсыластарына мықты екенін мойындатты.

Ал, 68 келіде Ақтаң Сәбуов барлық қарсыласын жеңіп, тұғыр биігінен көрінді. 

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу