Таэквондошы Ғания Әлзақ ширек финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таэквондошы Ғания Әлзақ ширек финалға өтті

01.10.2014
Таэквондошы Ғания Әлзақ ширек финалға өтті

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында таэквондодан кезекті жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.

57 келіде қазақстандық таэквондошы Ғания Әлзақ ширек финалға өтті.

Ол алдымен 1/16 айналымда Үндістан спортшысы Аарти Хакалды 15:8 есебімен ұтса, 1/8 финалда Мьянма елінің өкілі Аунг Эаймдруден 17:5 есебімен басым түсті.

Ғания Әлзақ жартылай финал жолдамасына қытайлық Юн Ванмен таласады.  

Хабарламаларға жазылу