Биыл 1500 сарбаз жоғары оқу орнында тегін білім алу сертификатына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 1500 сарбаз жоғары оқу орнында тегін білім алу сертификатына ие болды

16.06.2023

Биыл 1500 сарбаз жоғары оқу орнында тегін білім алу сертификатына ие болды. Олар мерзімді әскери қызметін өтеу кезінде көрсеткен нәтижелеріне байланысты іріктелген. Байқауға биылғы көктемде запасқа шығарылған 12548 мерзімді қызметтің сарбазы қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мәлімдеді. Оның айтуынша, сарбаздарды Ұлттық біріңғай тестілеу сынағынсыз қабылдау үшін арнайы платформа жасақталған. Оған ел бойынша барлығы 110-нан астам әскери бөлім тіркеліп, сарбаздардың оқу үлгерімі, ұрыс дайындығы бойынша тапсырған сынақтардың нәтижесі енгізіледі. Қазір әскерилер 70-тен астам Жоғары оқу орнымен келісімге отырған. Шарт бойынша әр сарбаз үш университетті таңдай алады.

Айгүл Төлембаева, ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі:

Ереже бойынша қандай құжаттар керек, соны жинайды. Қосымша әскери билет, сертификат және әскери қызмет өткергені туралы анықтама алуы керек.


Хабарламаларға жазылу