Қарағандыда еліміздің әскерилері үздік атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда еліміздің әскерилері үздік атанды

19.07.2014
Қарағандыда еліміздің әскерилері үздік атанды

Халықаралық мергендер жарысында еліміздің әскерилері үздік атанды. Спасск оқу-жаттығу орталығында 5 күн бойы Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Иордания, Қытай, Пәкістан және АҚШ қарулы күштерінің құралайды көзге атқан мергендері бақ сынасты.

Түрлі кедергілермен қоса, мергендік қарумен күрделі жағдайларда нысананы дәл көздеуден сынға түсті. Нәтижесінде қазақстандық әскерилер 1-ші орынды иеленді. 2-ші орынды Қытай Халық Республикасының жауынгерлері алса, 3-орын ұлыбританиялықтарға бұйырды.

Сәкен Жасұзақов, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары:

Сайыс осымен бесінші рет қатарынан өткізіліп келеді. Оған қатысушылардың барлығы өздерінің ерік-жігерлерін көрсете білді. Үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін барын салды.

Біз ендігі жылы бұл жарыстың көлемін кеңейтеміз. Өйткені әскерилер бір-бірімен тәжірибе алмасып жігерленеді. Қазір Қазақстан қарулы күштері дамып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек соған серпін берді. 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу