Испанияда грек-рим күресінен Гран-при өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда грек-рим күресінен Гран-при өтеді

27.06.2014
Испанияда грек-рим күресінен Гран-при өтеді
5 шілде күні Мадридте грек-рим күресінен «Гран-при Испания» XIV халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Wrestling Online хабарлайды. Қазақстан құрамасы аталған турнирге бірінші нөмірлі палуандарын қатыстырады:
 
59 келі - Алмат Кебіспаев, Ербол Коңыратов.
71 келі - Асхат Жаңбыров, Мақсат Ережепов.
75 келі - Досжан Кәртіков.
80 келі - Азамат Күстібаев.
85 келі - Нұрсұлтан Тұрсынов.
98 келі - Жанарбек Қабдолов, Ерұлан Ысқақов.
 
Ал ауыр салмақтағы үздік балуанымыз Нұрмахан Тінәлиев (130 келі) 2014 жылғы алғашқы жарысына қатысады. Ол маусымның 27-29 аралығында Германияның Дортмунд қаласында өтетін Гран-при турнирінде бақ сынайды.

Хабарламаларға жазылу