Роза Рымбаева – «Түркістан» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роза Рымбаева – «Түркістан»

19.07.2016
Роза Рымбаева – «Түркістан»

Әні: С.Бәйтереков, сөзі: С.Тұрғынбеков

 

Егемен ертегі еліміз,

Бал бұлақ, бау-бақша жеріміз.

Түркістан түрленген, нұрланған,

Келіңіз, келіңіз, келіңіз!

 

Қайырмасы:

Бұлбұлы бақтарда сайраған,

Қыр гүлі құлпырып, жайнаған.

Ұл-қызы шаттығын тойлаған,

Киелі күмбезді Түркістан.

 

Бүгінде шуақты ертегі,

Көріндер куатты өлкені.

Тарихта таусылмас дастандай,

Ежелден бізге сыр шертеді.

 

Қайырмасы:

Бұлбұлы бақтарда сайраған,

Қыр гүлі құлпырып, жайнаған.

Ұл-қызы шаттығын тойлаған,

Киелі күмбезді Түркістан.

 

Түркістан - ән көзі, жыр көзі,

Алыстан көрінген күмбезі.

Түркістан - шығыстың шырайы,

Көгіңнен кетпеген күн көзі.

 

Қайырмасы:

Бұлбұлы бақтарда сайраған,

Қыр гүлі құлпырып, жайнаған.

Ұл-қызы шаттығын тойлаған,

Киелі күмбезді Түркістан.

 

Хабарламаларға жазылу