Ұлттық арнада «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады

17.05.2015
Ұлттық арнада «Роза шақырады» атты ірі музыкалық шоу басталады

Бүгін «Ұлттық шоу» жаңа формата эфирге  шығады. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінде түрлі жаңа орындауларға, тың дуэттерге және ғажайып қойылымдарға толы «Ұлттық шоу: Роза шақырады» атты музыкалық жобасының тұсаукесері өтеді.

Жүргізушісі ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева телевизиялық жобаның жүргізушісі  ғана емес, сондай-ақ, бас кейіпкері де. Жоба тұтастай жанды дауысқа құрылған. Бағдарламаның әр шығарылымында көрермендер тосын нөмірлердің, күтпеген тың дуэттердің, қызықты қойылымдардың куәсі болады.

Тележоба барысында отандық шоу-бизнес өкілдері, танымал әншілер, әртістер, актерлар, сазгерлер  шығармашылығындағы және өміріндегі қызықты сәттермен бөліседі. Сондай-ақ, танымал әншілер әндері мен туындыларын жанды дауыста  орындайды.

Шоу барысында Роза Рымбаева қазақстандықтарға жаңа орындаушыларды, композиторларды, сықақшыларды таныстырады.  Кешті Роза Қуанышқызымен бірге Әли Оқапов, Рүстем Нұржігіт жүргізеді.

Жаңа бағдарламаны бүгін сағат 21:00-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу